Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысын прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысын прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 наурызда Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.  Д.Әбдіхалық 1,2 миллион теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті. Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети