Жамбыл облысында 10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында 10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған © vladitime.ru

10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда шамамен түнгі сағат 3.10-да Луговой станциясындағы "Дидо-3" жанармай құю бекетінде болған.

"Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шараларының арқасында шабуыл жасаған барлық бес жігіт бірден ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Үшеуі Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары болса, қалған үшеуі колледж студенттері болып шықты. Олар бастапқыда дүкен маңында орналасқан төлем терминалына шабуыл жасамақ болмаған. Аппаратты балта мен балғаның көмегімен аша алмаған соң олар Құрымбаев пен Әуталипов көшелерінің қиылысында орналасқан "Дидо-3" жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған. Сондай-ақ, оларға қаруға ұқсас затпен кассирден ақша талап еткен", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Рысқұлов аудандық сотының шешімімен ұсталғандар екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1,4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети