Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді © kgd.gov.kz

Жамбыл облысында армрестлинг бойынша бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында армрестлинг бойынша бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру дерегі анықталды.

Ол жалған алғытөлем есептемелерін ұсыну арқылы іссапар шығындарына бөлінген 8 миллион теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті қолдану туралы өтінішіне байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасады. 

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети