Жамбыл облысында бір тоннадан астам марихуана тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бір тоннадан астам марихуана тәркіленді Фото anomalia.kulichki.ru сайтынан алынды

Полицейлер Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуананы тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуананы тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері "Көкнәр" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шу ауданы Тасөткел ауылының аумағында ("Городок" учаскесінде) 1965 жылы туылған Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғынын ұстады. Қолға түскен азаматтан салмағы 1 тонна 93 келі тартатын марихуана тәркіленді", - делінген полицияның таратқан хабарламасында. 

Ұсталған азамат өз әрекетін мойындап, түсінік берген. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жамбыл облысының тұрғынына марихуананы заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.  

Айта кетейік, Жамбыл облысында осы жылдың шілде айында осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде жергілікті тұрғыннан салмағы 1 тонна 201 келі тартатын марихуана мен жабайы өсетін қарасораның іздері қалған орақ тәркіленген. Тергеу барысында Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы өткізу мақсатында емес, жеке мақсатына пайдалану үшін жинағанын мойындаған. Оған қатысты да "Есірткі затын заңсыз сақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети