Жамбыл облысында бюджет қаражатын заңсыз аударған шенеуніктер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бюджет қаражатын заңсыз аударған шенеуніктер сотталды

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын", - делінген хабарламада. 

Бір топ тұлға алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемелер территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан "Шыңбота" ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 миллион 221 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын аударғаны үшін күдікті болған. 

"Биыл 25 қарашада Тараз қаласының №2 сотымен аталған тұлғалар айыпты болып танылды: М.М.Заурбековке – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды; Н.Д.Нұрмолдаевқа – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандығы үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды; Н.С.Солтаевқа - бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін иемдену және талан-таражға салғаны үшін мемлекеттік қызметке арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету саласында мемлекеттік сатып алумен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети