Жамбыл облысында ер адам 19 жыл бойы полицейлердің құлдығында болып келген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ер адам 19 жыл бойы полицейлердің құлдығында болып келген - БАҚ ©Newregion.kz

Қырғызстанның тумасы Василий Евдошенко Тараздың "Новый регион" басылымына адам сенгісіз оқиғаны баяндап берді. Ер адам 19 жыл бойы Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің құлдығында болыпты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның тумасы Василий Евдошенко Тараздың "Новый регион" басылымына адам сенгісіз оқиғаны баяндап берді. Ер адам 19 жыл бойы Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің құлдығында болыпты.

Евдошенконың айтуынша, 1996 жылы ол колонияда алты жыл жазасын өтегеннен кейін құжатсыз, полицейлердің қолында қалыпты. Тәртіп сақшысы оған құжат алуға көмектесетінін айтқан. Ол қызметкерге сеніп, полицей мен оның отбасына бірнеше жыл бойы тегін жұмысшы болған.

Бұдан кейін Василий тауар секілді әр адамға ауысып отырыпты. Ол тағы бір полицейдің қолында қалып, тамаққа жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ер адам "қожайындарынан" бірнеше мәрте қашып кетпекші де болған, алайда тәртіп сақшылары оны дереу тауып, "қожайындарына" қайтарып отырады. Евдошенко үш үйге қатарынан жұмыс істегенін хабарлады, ал олардың біреуінің әкесі бұрынғы прокурор екен.

Соңында ер адам қашып құтылады. Ол "Сотталғандарды қалпына келтіру орталығы" қоғамдық бірлестігіне барған. Ондағылар құжаттарды қайта жасату үшін газет редакциясына және ішкі істер органдарына хабарласуды айтқан. 

Басылым мәліметінше, Василий полиция мен прокуратураға арыз жазды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети