Жамбыл облысында мектеп директоры 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында мектеп директоры 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында мектеп директоры 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында мектеп директоры 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметімен "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол бір азаматтан мектепалды сыныбы мұғалімі лауазымынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстырғаны және жалпы қамқорлығы үшін 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтінішхатына және келу туралы міндеттемені алғанына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - деді агенттік өкілдері.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети