Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды видеодан үзінді

Жамбыл облысында "Браконьер" жедел профилактикалық шарасы барысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан аңшылар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "Браконьер" жедел профилактикалық шарасы барысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан аңшылар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы прокуратурасының бастамасымен республикалық "Охотзоопром" аңшылық инспекциясы және​ облыстық полиция департаменті қызметкерлерімен бірігіп, өңірдегі заңсыз аңшылықты анықтауға бағытталған іс-шараларды атқару барысында Қамқалы ауылына жақын маңда Тараз қаласының 31 және 36 жастағы тұрғындары Suzuki маркалы мотоциклімен ұсталды. Аталған азаматтардың көлігін тексеру кезінде 2 дана өлі қарақұйрық аңына ұқсас жануардың денесі мен бір денесіз жануардың басы, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Анықталған дерек аудан прокуратурасының арыз-шағымдарды есепке алу тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық, жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау") бойынша тергеу шаралары басталды.​ Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети