Жамбыл облысында қыз алып қашқандар 7 жылға сотталды

Жамбыл облысында қыз алып қашқандар 7 жылға сотталды © zi.ua

Жамбыл облысының прокуратура өкілдері азаматтарды ұрлаудың жауапкершілігі барын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысал ретінде ауданда болған оқиғаны келтірген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының прокуратура өкілдері азаматтарды ұрлаудың жауапкершілігі барын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысал ретінде ауданда болған оқиғаны келтірген. 

2018 жылы күзде Түркістан облысының тұрғыны Жамбыл облысы Қордай ауылында тұратын қызбен танысқан. Біраз уақыт бойын әлеуметтік желі арқылы араласқаннан кейін, жігіт қызды алып қашпақшы болған. Өзінің үш жолдасымен ақылдасқан ол Қордайға келген. 

"Келгеннен кейін ол қызға телефон шалып, кездесуге шақырған. Алайда қыз келіспеген. Жігіттер қызды аңдып, үйіне келген. Қыздың қарсылығана қарамастан олар оны алып қашып, Түркістан облысына кетіп қалған", - дейді прокуратура. 

Қаладан шыға берісте оларды полиция өкілдері ұстаған. Қордай аудандық сотының шешімі бойынша Түркістан облысының төрт тұрғынын қыз алып қашқандары үшін жеті жылға соттап, көлігі тәркіленіп, мемлекет мүлігіне айналған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети