Жамбыл облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді қырғандар қашып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді қырғандар қашып жүр

Жамбыл облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді қырғандар қашып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді қырғандар қашып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, биыл 18 қаңтарда Мойынқұм ауданындағы Ұланбел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде полицейлердің назарына "УАЗ" маркалы көлік түскен. Оның мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмаған. Салонда болған белгісіздер көлікті тастап, жасырынып үлгеріпті.

Көлікті тексеру кезінде оның ішінен "Қызыл кітапқа" енген 10 киіктің тұтас еті табылған. "Бұл дерек прокуратураның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети