Бостандық аудандық соты заңгер Нұрхан Жұмабековтың "Еуразия Бірінші арнасынан" шағым талабын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңгер митингке шыққан әрбір адамға 50-150 доллар төленген делінген телебағдарламаға наразылық білдірген болатын. Ол моральдық шығын талап еткен еді.

Осыған дейін сот отырысы кезінде ол телеарна тілшісі Аймира Шәукентаеваның "бұл барлығына да түсінікті" деген сөзінің көңілге тигенін айтқан болатын. "Митингке шыққан адамдар жайлы, жоғарыда біреулер оларға 50-150 доллардан берген және оны бір ел төлеп отыр дегені жайлы. Жүргізуші сөзінің қорытындысында бұл барлығына да түсінікті деп айтты. Дәл осы сөзіне қарсы болдым. Шағым талабымды осыны жаздым: бұл маған түсініксіз. Осындай сөздерді телеарна эфирінен айтқаны ұнамайды. Бұл наразылық туғызды және мен моральдық уайым кештім", - деді шағымданушы. Сонымен қатар ол өндіріп алғысы келген сомасын 100 000 теңге деп көрсетуін мемлекеттік алымға бұдан артық төлей алмайтындығымен түсіндірді.