Алматыда заңсыз риэлторлардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін тартып алумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда заңсыз риэлторлардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін тартып алумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала прокуратурасындағылардың мәліметінше, қылмыскерлер жалғызбасты зейнеткерлерді, нашақорларды және маскүнемдерді өлтірген.
"Қылмыскерлер олардың сеніміне кіріп, кейін өлтіріп, жылжымайтын мүлік құжаттарын алған соң өлтірілгендерге ұқсас азаматтарды тауып, пәтерлерді сатып отырған. Бас-аяқ төрт алматылық өлтірілген", - деп хабарлады қала прокуратурасының өкілдері.
Прокурорлар қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сегіз адамға кісі өлтірді, алаяқтық жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған қатысты, тонады және құжат ұрлады деген айып тағылып отыр.
Алматы қалалық сотындағылар бұл істі қарау әзірше тоқтатылғанын, кейін қайта жанданатынын хабарлады.