Жаркентте полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан. Олар іздеуде жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаркентте полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан. Олар іздеуде жүр

Полицейлер Алматы облысы Жаркент қаласында Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдары жүйесіндегі жосықсыз қызметкерлер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша Департаменті облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Панфилов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі басшысының, ЖПҚ басшысының (полиция майоры), сондай-ақ, осы аудандағы патрульдік полицияның екі қызметкерінің (екеуі де сержант) пара алу дерегін анықтады", - деп хабарлады Бердалин Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Оның айтуынша, олар жергілікті тұрғыннан Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс бойынша тәркіленген 2491 дана ондатр терісін қайтарып беру үшін 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр.

"Сонымен қатар, ұстау барысында патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Антикоррупция қызметінің жедел-тергеу тобына қарата оқ атқан. Салдарынан үш полицей қылмыс орнынан жасырынған. Осы дерек бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі, 5-пункті бойынша соталды өндіріс тіркелді. Қазіргі уақытта олар іздеуде жүр", - деді Бердалин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети