Жеке таксишілер заңды тіркелген такси жүргізушісін соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеке таксишілер заңды тіркелген такси жүргізушісін соққыға жықты 28 жастағы Ілияс Игісінов емханаға ауыр халде түсті. ©Тengrinewstv.kz

Алматы әуежайында бірнеше жеке таксиші заңды тіркелген "Эко Такси" жүргізушісін соққыға жығып, төбелес салдарынан 28 жастағы Ілияс Игісінов өте ауыр халде ауруханаға түсті - деп хабарлайды TengrinewsTV. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында бірнеше жеке таксиші заңды тіркелген "Эко Такси" жүргізушісін соққыға жығып, төбелес салдарынан 28 жастағы Ілияс Игісінов өте ауыр халде ауруханаға түсті - деп хабарлайды TengrinewsTV. 

"Эко Такси" компаниясының басқарушы директоры Максим Сарсеновтың айтуына қарағанда, жүргізушіні екі жеке таксиші соққының астына алса, үшіншісі жанжалға ешкімді араластырмас үшін бақылап тұрған. Жеке таксишілердің шамына заңды жүргізушінің клиентті қала сыртына жеткізіп салғаны тисе керек. "Оның қасына үш адам келіп: "Сен неге бұл тапсырысты аласың? Біз сенімен келістік емес пе, сен тек қала аумағында ғана адам аласың" деп айтыпты. Сарсеновтың сөзіне қарағанда, таксишілер арасында ондай келісім болмаған. Олар Ілиястан түскен ақшаның бір бөлігін беруді талап еткен. Бұл талапқа көнбегендіктен оны адам көп жүре бермейтін бұрышқа апарып, соққыға жыққан.

28 жастағы Ілияс Игісінов ауруханаға ауыр халде түскен. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты. Алайда дәрігерлер оның бас-сүйегіне зақым келгенін айтады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети