Желіде Ақтөбе тұрғынын соққыға жығып жатқандардың видеосы тарады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Ақтөбе тұрғынын соққыға жығып жатқандардың видеосы тарады Видеодан алынған кадрлар

Әлеуметтік желілерде жігітті топ болып соққыға жығып жатқандардың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде жігітті топ болып соққыға жығып жатқандардың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккен ақтөбелік видеокамераға түспеген. Бірақ кадрларда бір топ адамның оны соққыға жығып жатқаны көрінеді. Төбелес барысында бөтелке, пышақ, орындық та қолданылған. 

ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, оқиға желтоқсанның 24-іне қараған түні Ақтөбеде болды. Жергілікті тұрғынға бір топ адам шабуыл жасаған. Ауыр жарақаттанған жігіт медициналық мекемеге жеткізілді.

"Жедел уәкілдердің білігінің арқасында қылмыс бір тәуліктің ішінде ашылды. Кісі өлтіруге әрекет жасаған күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ортырғызылды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр", - деді Сәдубаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети