Желіде Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының видеосы пайда болды Видео кадры

Атырауда 23 жастағы тұрғынды белгісіздердің өлтіріп кеткені түсірілген видео Желіде тарап жатыр. Қылмыс 6 ақпанда қала орталығындағы кафелердің бірінің маңында болған. Марқұм мекемеден шыққан кезде оған екі адам шабуыл жасаған, - деп хабарлайды ATPress.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 23 жастағы тұрғынды белгісіздердің өлтіріп кеткені түсірілген видео Желіде тарап жатыр. Қылмыс 6 ақпанда қала орталығындағы кафелердің бірінің маңында болған. Марқұм мекемеден шыққан кезде оған екі адам шабуыл жасаған, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Оқиға осы ауданда орналасқан кеңселерінің бірінде орнатылған камераға түсіп қалған. Кадрларынан төбелес басталғанын, кейін құлаған адамды екеудің ұрып-соққанын көруге болады.

Күдіктілер ұсталған. Олар Мағыстау облысы Жаңаөзен қаласының 1995 жылғы тұрғындары болып шықты. Марқұмның туыстарының мүддесін қорғайтын адвокат Айдос Ибрагимовтың айтуынша, күдіктілердің бірі ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiре отырып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша, ал екіншісі "Бұзақылық" бабы бойынша іске тартылып жатыр. Екіншісі кепілақы арқылы бостандыққа шығарылған. Ал оның сыбайласы қамауға алынған.

"Видеожазбаға қарағанда, әдеттегі бұзақылықты байқай алмайсыз. Кепілақы түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертуге өтініш беруге ниеттімін. Сосын бапты "Адам өлтіруге", нақтырақ айтқанда, кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты аса қатыгездікпен адамдар тобы болып адам өлтіру бабына ауыстыру туралы өтініш білдіреміз", - деді Ибрагимов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети