Желілік полицияның бөлім бастығы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желілік полицияның бөлім бастығы парамен ұсталды Желілік ішкі істер басқармасының бөлім бастығы Ысқақов©Алматы қаласы бойынша ЭҚЖКД баспасөз қызметі

"Алматы-1" станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының бөлім бастығы 84 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу материалдарына сәйкес, тамыздың 20-сы күні департаментке жеке кәсіпкердің (сол жерде сауда жасайтын келіншектердің бірі) атынан арыз түсті. Ол өзінен "Алматы-1" желілік ішкі істер басқармасында істейтін лауазымды тұлғаның  84 мың теңге талап еткенін айтқан. Бұл соманы ол әйелдің теміржол станциясында кәсіпкерлік қызметті емін-еркін жүргізуіне рұқсат беру үшін талап етіпті.

"Сол күні шұғыл іздестіру шаралары барысында 84 мың теңгені алған қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ысқақов ұсталды. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.7  course down  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети