20 ақпан 2014 11:41

Зейнетақыны жымқырған пошта бастығы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Солтүстік Қазақстан облысында 5 зейнеткердің 2,5 миллион теңге көлеміндегі зейнетақысын жымқырған ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқ бір сценарий бойынша әрекет еткен. Ең алдымен қариялардың сеніміне кіріп, кейін олар жинаған ақшаны пайыздық үстеме ақысы жоғары депозитке салатынын айтып, өз қалтасына басып отырған. Ауылдастарын сендіру үшін бүгінде қолданыстан шыққан ескі үлгідегі салымшы кітапшаларын да толтырып отырған. Бір қызығы, зейнеткерлер пошта бөлімшесінің бастығы Мәкен Жақыпованың үстінен құқық қорғау органдарына арызданғаннан кейін де ол қызметін жалғастыра берген. Алаяқ онымен қоймай, пошта кассасының 990 мың теңгесін де жымқырған. Қомақты қаржы жетіспейтіндігі анықталған кезде ғана әлгі қылмыскер жұмыстан босатылған. Бүгінгі күні ол пошта бөлімшесі алдындағы қарызын өтеп болған. Енді ол қолымен жасаған қылмысын сотта толықтай мойындап, зейнеткерлерге ақшаларын қайтаратындығы жайында қолхат та берді. Жақыпова пошта байланысы саласында 2000 жылдан бері қызмет еткен. Осы уақыт аралығында өзін жақсы жағынан ғана көрсетті. Тек 2013 жылдың қарашасында ауылдық пошта бөлімшесіне тиесілі 990 мың теңге жетіспейтіндігі анықталған. "Осы жағдайдан кейін біз онымен еңбек келісім-шартты бұздық. Жақыпова депозиттерді мүлде тіркемеген. Сондықтан бұл жәйт бізге беймәлім болып келді. Біз жапа шеккен зейнеткерлердің барлығымен кездесіп, әңгімелестік. Олар "Қазпошта" АҚ-ның облыстық филиалына арызданатынын айтты. Егер, азаматтар арызданса, біз қаражатты қайтару мәселесін қарастыратын боламыз. Шығынды Жақыповадан өндіріп алуды жоспарлап отырмыз", - деді "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу секторы бастығының міндетін атқарушысы Жангүл Нұрмұқанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети