Зиратта 19 жастағы қызды зорлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зиратта 19 жастағы қызды зорлап кеткен © enigma-project.ru

Әлеуметтік желілер арқылы 19 жастағы қызбен танысып, кейіннен оны зорлаған делінген Алматы облысының тұрғыны күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер арқылы 19 жастағы қызбен танысып, кейіннен оны зорлаған делінген Алматы облысының тұрғыны күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 шілдеде Талғар аудандық ішкі істер басқармасына Алматы тұрғынының зорланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Зардап шеккен қыз полиция қызметкерлеріне Талдыбұлақ ауылының маңында орналасқан зиратта белгісіз ер адамның оны қорлағанын айтып берді.

"Күдікті өзіне құрбан табу үшін әлеуметтік желілерді пайдаланған. Тексерістің барысында зорлық көрсеткен ер адамның зардап шегуші қызбен жалған атпен танысқаны анықталды. Кейінірек кұдікті телефон номерін және әлеуметтік желідегі парақшасын өшірген. Сонымен қатар, ол 19 жастағы қызды оның номері мен суретін өшіріп тастауға мәжбүрлеген", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері үш тәулік өткен соң күдіктіні ұстай алды. Күдікті 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның отбасы да бар екен.

"Талғар аудандық ІІБ зорлау дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жалғасып жатыр. Ұсталған ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети