Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр

Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін 12 желтоқсанда Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта алдын ала тыңдалымдар басталды. 

"Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Жомарт Ертаевтың ісі қаралып жатыр. Судья - Роман Селицкий. Бүгін алдын ала тыңдалымдар өтеді", - деді сот өкілдері. 

Еске салайық, былтыр Жомарт Ертаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды. Аталған бап бойынша ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 2018 жылы 15 қарашада Мәскеуде ұсталып, қамауға алынды. Қазақстандық кәсіпкер босқын мәртебесінен айырылды. Ресейдің Бас прокуратурасы 2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның құзыретті органдарына кәсіпкерді беру туралы шешім қабылдады. Адвокаттар қамауға шағымдануға тырысты, бірақ сот шешімді күшінде қалдырды. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Жомарт Ертаевты Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Жомарт Ертаев 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта "Bank RBK" АҚ-да қызметтік бабын асыра пайдаланып 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді", - деді Бас прокуратура өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети