Есікте төрт адамнан зорландым деп мәлімдеген Жібек Мусинова зорлықшылардың достары қорқытып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол уайымын Facebook желісінде жазды.
Есікте төрт адамнан зорландым деп мәлімдеген Жібек Мусинова зорлықшылардың достары қорқытып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол уайымын Facebook желісінде жазды.
Әйелдің айтуынша, жақын арада осы іс бойынша күдіктілерге қатысты үкім шығарылады. "Әр процесте достарым мен туыстарым қолдап жатыр, бірақ процесс басталғалы бері зорлықшылар қорқытып-үркіткісі келеді: "Егер оларды түрмеге қамаса, бүкіл Есікті саған қарсы қоямыз!" дейді. Өзім үшін емес, мен тозақтың өзін көрген адаммын. Туыстарым үшін қорқып отырмын! Менен өштерін қалай алатынын білмеймін. Бұл адамдар зорлықшыларды қолдайтын болса, олар бәріне баруға дайын. Мені бір сыныпта оқыған достарым, бауырларымның достары, құрбыларым қолдап жатыр. Қолдауы үшін мың да бір алғыс! Зорлықшыларды да қолдаушылар көп... осыны уайымдап отырмын. Куәгерлердің көзінше ашықтан-ашық қорқытып отырса, олардан бәрін күтуге болады", - деді ол.
Күдіктілерге қатысты сот 19 қазанда басталған. Сот тыңдауы жабық тәртіпте өтіп жатыр. Бірінші сот отырысы сотталушылардың айыптау актісімен лайықты түрде танысып шықпауына байланысты кейінге қалдырылған. Сөйтсек, екеуі орыс тілін, а екеуі қазақ тілін біледі екен. Сотталушылардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкері жоқ.
Жібек Мусинаның ісі бойынша сот процесі. © Tengrinews.kz
Еске салайық, Есік қаласының тұрғыны өз қызын төрт жігіттің зорлап кеткенін хабарлаған болатын. Әйелдің айтуынша, оның қызы 14 тамызға қараған түні зорлық көрген. Кейін 22-29 жас арасындағы төрт адам ұсталып, олар адам зорлау, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері және бұзақылық баптары бойынша айыпталды.
Жібектің анасы Гүлбадар Мусинова. © youtube.com
Ал осыған дейін Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-де тексеріс жүргізілген еді. Себебі жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарының үстінен шағым түсіріп, қызметкерлер тиісінше тәртіптік жазаға тартылған болатын.