20 маусым 2017 | 09:25

Зорланған қыздың мәлімдемесі: Олар менің өмірімді тозаққа айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда зорлық құрбаны болған қыз полицейлерді айыптап отыр. Айтуынша, тәртіп сақшылары зорлықшының сытылып кетуіне мүмкіндік жасаған. Қылмыс жасаған екі қаскөйдің бірі ғана түрмеге тоғытылған. Бұл туралы "Новый Вестник" тілшісінің мақаласында айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда зорлық құрбаны болған қыз полицейлерді айыптап отыр. Айтуынша, тәртіп сақшылары зорлықшының сытылып кетуіне мүмкіндік жасаған. Қылмыс жасаған екі қаскөйдің бірі ғана түрмеге тоғытылған. Бұл туралы "Новый Вестник" тілшісінің мақаласында айтылады.

Мария өткен жылдың күзінде Қарағандыдағы жалдап тұрып жатқан пәтерінде зорланған. Оны ішімдікке мас қонақтары зорлаған: "Қорлап, ұрып-соғып, зорлады. Шашымды қырқып тастады. Бұл әрекетін видеоға түсіріп, көңіл көтерді. Сосын наша ма, әлде спайс па, шегіп алды. Мас болды..." 

Қаскөйлер оны кешкі оннан таңғы төртке дейін зорлаған. Қызға көршілері де, құрбысы да көмекке келмеген, соған қарағанда, айғайын ешкім естімеген. Кейін Марияны қала сыртына шығарып, жартылай жалаңаш күйде жолға тастап кеткен. Қыз полицияға қалай жеткізілгенін де білмеген.

"Ауруханаға барар жолда ғана есімді жидым. Дәрігерлер қарап, сараптама жасады. Полицейлер бірден пәтерге барды, ол жақта жұлынған шаш пен қан болған. Заттай айғақтар толы болды. Хайуандар ізін де жасыруға әрекеттенбеген", - деп еске алады зардап шеккен қыз. 

Алайда, айтуынша, полицейлер оны басқа жалдамалы пәтерге апарып, ұялы телефонын тартып алып, көмектеспек болғандарына сендірген. Қыз оларға сеніп қалған. Бірақ туыстарымен сөйлесуге мүмкіндік берілмегені алаңдатқан. Оның қайда кеткенін ешкім де білмеген. 

"Жүйкем тозып, мұның барлығына шыдай алмадым. Зорлағанына, бір бөлмеге қамап қойғанына шыдамадым. Осы кезде полицейлер маған 500 доллар ұсынды. "Міне саған 500 бакс, ал да, қаладан кетіп қал, арызыңды қайтып ал" деді. Ақшаны алмадым. Олар қысым көрсете бастады. Ақыр аяғында шағымнан бас тартып, барлық құжатқа қол қойып бердім, сосын ғана мені босатты...", - дейді зорланған қыз.

Кейін сотта Мария қалай қысым көрсетілгенін айтып берген. Сот істі қосымша тергеуге жіберген. Зардап шеккен қыз қайтадан полицияға баруға мәжбүр болған. "Бөлімге келгенімде полицейлер мені ер адамдардың әжетханасына кіргізіп алып, екі апта бойы қамақта болғанымды айтпауымды талап етті. Қорықтым, бірақ келіспедім. Мұндайға қалай барғандарын әлі де түсіне алар емеспін", - дейді ол. 

Екінші сот отырысына қыз қатыспаған да. Қаскөйлердің бірі бес жарым жылға сотталған, екіншісі ақталып шыққан. Мұнда да Марияның астаң-кестеңі өмірі тынышталмаған. 

"Олар мені зорлағанда видеоға түсірді, роликті өшірмеді де. Бұл роликті кейін полицейлер өзара таратып жүрді, бұл видео зорлықшылардың туыстарында да бар болып шықты. Сотталған адамның әйелі мені бопсалай бастады. Өз сөзімнен бас тартпасам, видеоны Интернетте тарып жіберетінін айтып қорқытты. Мұны мен ешкімге де айтпадым. Туыстарым білмесе екен деймін. Әйелі хат та жазды, телефон да соқты, тағы басқа адамдар хабарласып, қорқыта бастады. Олар менің өмірімді тозаққа айналдырды. Сосын мен әлеуметтік желілерге лақап атпен тіркелдім. Сонда да мені тауып алып, қорқытуларын жалғастырды. Басқа қаладағы үйіме де қоңыраулар түсе бастады", - дейді Мария. 

"Бақытына орай, оның ісін Бас прокуратура қарап жатыр. Бірден прокурор тағайындалып, іс материалдарын тексеруге көшті. Марияға "Немолчи" қоғамдық ұйымы да көмек қолын созды. Зорлықшылар да, полицейлер де лайықты жазасын алады деген үміт пайда болды", - делінген мақалада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети