18 тамыз 2020 | 14:39

"Зорлау ісін жауып бермек болған". Қарағандыда алаяқтық жасаған полицей ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысы көліктегі полиция департаментінің 1,3 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қызметкер жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы көліктегі полиция департаментінің 1,3 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қызметкер жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында көліктегі полиция инспекторынан танысы көмек сұраған. Танысының үстінен зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ол инспектордан істі жауып беруді сұрапты. Полиция қызметкерінің құқық қорғау орындарында байланысы болған.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкері танысына көмектесе алатынын айтып, одан 1,3 миллион теңге сұраған. Танысы тиісті қаржыны берген. Алайда ол бірнеше күннен соң істе қылмыс құрамы болмағандықтан оның жабылғанын білген. Зардап шегуші мұны білсе де полицейдің танысын қорқытып, 2 миллион теңге өтемақы сұраған.

Осыдан соң ер адам инспектордың алаяқтық жасағанын айтып, полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшысы ұсталған. Ол өз кінәсін мойындап, танысын алдағанын айтқан. Кейін қос тарап мәселені медиатордың көмегімен шешкен.

"Егер тараптар татуласқысы келсе, сот оларды ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 68-бабы 1-бөлігі бойынша татуластыруға міндетті. Бұл істе олар медиацияның көмегіне жүгінді. Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен құтылды. Яғни ол өз кінәсін мойындады", - дейді Қазыбек би аудандық сотының судья-координаторы Саян Аққожин.

Облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс барысында қызметкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети