"Зорлық-зомбылық белгілері бар". Алматыда өртенген үйден ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Зорлық-зомбылық белгілері бар". Алматыда өртенген үйден ер адам өлі табылды Фото: polisia.kz

Алматыда өртенген үйден ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өртенген үйден ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында түскен. Өрт сөндірілгеннен кейін бөлмелердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адам өлі табылды, дейді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы.

"Кейін ол - үйдің иесі, 38 жастағы К. есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс жасамаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ер адамның өліміне - мойнындағы кесілген жарақат, сол жақ кеуде тұсындағы, іш және сол жақ бұғана аймағындағы пышақ жарақаттары және өртену себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П. есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген", - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Олар ішімдік ішкені анықталған. Кейін араларында жанжал туындап, оның барысында П. есімді азамат үй иесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

"Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған ер адам ас үй пышағын бірінші болып үй иесі алғанын, ал ол пышақты жұлып алып, оған бірнеше рет соққы жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады", - деді Жаңабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети