11 сәуір 2014 12:19

Зорлықшыл таксист 20 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматы облысының соты өз жолаушыларын зорлап, өлтірген таксистке 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының соты өз жолаушыларын зорлап, өлтірген таксистке 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматыда жеке тасымалмен айналысып жүріп, жолаушы қыз-келіншектеріне шабуыл жасап, зорлап, кейін өлтірген 29 жастағы ер адамға қатысты айыптау үкімін жария етті", - делінген таратылған хабарламада.

Іс материалдарына қарағанда, айыпталушы 2013 жылдың 13 шілдесінде көлігіне бір қызды отырғызып алып, әуелі айтылған жерге апарып тастауға уәде бергенімен, кейін бағытын өзгерткен. Қызды елсіз жерге апарып, ұрып-соғып, жеке заттарын тартып алады, содан кейін зорлап, өлтіру үшін арыққа лақтырады. Жәбірленуші аман қалады.

"Дәл осы адам 2013 жылдың 6 тамызында бірінші эпизодтағы әдіс бойынша құрбанын елсіз жерге апарып, зорлауға әрекеттенеді. Бірақ қыз тегеурінді қарсылық көрсетеді, оны зорлай алмасына көз жеткізген қылмыскер қызды пышақтап өлтіріп, сол жерде қалдырып кетеді", - дейді соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен Алматы облысында туған азамат айыпты деп танылып, оған айрықша режимдегі колонияда 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети