Қызылордалық сылақшы қыз телеарналардың біріндегі жаңажылдық шоуға қатысады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото: instagram.com/anwi_dana фото: instagram.com/anwi_dana

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай телеарналардың біріндегі жаңажылдық шоуға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай телеарналардың біріндегі жаңажылдық шоуға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлмайдан Instagram парақшасында жанкүйерлерінің арқасында арманы орындалып, үлкен сахнада алғаш рет ән шырқайтынын айтты. Айтуынша, ол жаңажылдық шоуға арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Әлеуметтік желіде видео таралғалы бері қызылордалық келіншектің өмірі күрт өзгерген. Оған әртүрлі шоуларға, бағдарламаларға, байқауларға қатысуға түрлі ұсыныстар түскен. Гүлмайдан қазір Central Asia's Got Talent шоуынан жауап күтіп отыр.

Гүлмайданның құрбысы Гауһар халықаралық байқау ұйымдастырушыларынан жауап күтіп отырғандарын айтады.

"Біз оның халықаралық шоуға шақырылғаны туралы хабардың қалай тарағанын білмейміз, бірақ біз әлі де ұйымдастырушылардан жауап күтіп отырмыз", - деді ол.

Гауһардың айтуынша, Гүлмайдан жаңа өмір бастады. Ол екі жыл жұмыс істеген құрылыс алаңынан уақытша кеткенімен, әзірге қызды үлкен сахнаға көтеретін демеуші де, продюсер де жоқ.

"Шығармашылық жағынан оның өмірі күрт өзгерді, оның алдында үлкен мүмкіндіктер ашылды, түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Мысалы, әнші Сәкен Майғазиев кәсіби музыкалық білім алуға көмектесетінін айтты", - деді ол.

Осы аралықта танымал сылақшы Гүлмайдан Серікбай телеарналардың біріндегі жаңажылдық шоудың түсіріліміне қатысып, бұл туралы парақшасында жазды.

"Жанкүйерлерімнің арқасында үлкен сахнаға шығып, ән орындадым. Мұндай үлкен теледидар сахнасында ән айтамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Енді армандар 100 пайыз орындалатынын білемін!" - деп жазды әнші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro