“Артемида-2“ миссиясының астронавттары Айдың арғы бетін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Артемида-2“ миссиясының астронавттары Айдың арғы бетін көрсетті NASA

Айды айнала ұшатын "Артемида-2" миссиясының астронавттары Жер серігінің арғы бетін суретке түсіріп алды. Кадр 7 сәуірде NASA-ның Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life.


Айды айнала ұшатын "Артемида-2" миссиясының астронавттары Жер серігінің арғы бетін суретке түсіріп алды. Кадр 7 сәуірде NASA-ның Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Жаңа фотосуреттің оң жағында Айдың бергі беті, яғни Жерден көрінетін тұсы бейнеленген. Ал сол жағында Айдың арғы бетінің бір бөлігі көрсетілген.

"Айдың бергі жағын беткі қабатындағы қара дақтардан тануға болады. Олар Айдың алғашқы даму кезеңінде, жанартаулық белсенділік жоғары болған уақытта түзілген. Лава ағындарының батыс жағында орналасқан үлкен кратер – Ориентале бассейні. Ені 600 мильге жуық бұл кратер Айдың бергі бетін де, арғы бетін де қамтиды. "Артемида-2" экипажы бүкіл Ориентале бассейнін өз көзімен көрген алғашқы адамдар", - делінген хабарламада.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NASA (@nasa) жарияланымы

NASA мамандары кратердің сол жағындағы бөлік түгелдей Айдың арғы беті екенін және оның Жерден көрінбейтінін айтты. Бұл Айдың өз осін айналу жылдамдығы мен біздің планетаны айналу жылдамдығының бірдей болуымен түсіндіріледі.

Ғарыштан түсірілген суреттерді жариялаумен қатар, астронавтар "Орион" ғарыш кемесімен Жерден 407 000 шақырым қашықтыққа ұзап, ғарыш сапары тарихында жаңа рекорд орнатты.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NASA Artemis (@nasaartemis) жарияланымы

NASA мәліметінше, бұл көрсеткіш 1970 жылы "Аполлон-13" миссиясы кезінде орнатылған бұрынғы рекордтан 4102 мильге (шамамен 6500 шақырым) асып түсті.

Айдың арғы беті соңғы рет 1972 жылы «Аполлон-17" миссиясы кезінде көрсетілген болатын.

Дүйсенбі, 6 сәуірде "Орион" кемесі Айдың тартылыс күші Жердің тартылыс күшінен басым болатын аймаққа енді. Сол сәтте кеме Ай бетінен шамамен 63 000 шақырым, ал Жерден 232 000 шақырым қашықтықта болды.

"Орион" кемесі 1 сәуірде АҚШ-тың шығыс жағалауынан шықты. Бортта NASA астронавттары Рид Уайсмен, Виктор Гловер, Кристина Кук және Канада ғарыш агенттігінің астронавы Джереми Хансен бар. Экипаж 10 тәулік ішінде Жер серігін айналып ұшып, Жерге оралуы тиіс.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 462.99   539.67   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети