Ғалымдар Күннің арғы бетінде ерекше белсенділікті байқады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар Күннің арғы бетінде ерекше белсенділікті байқады Фото:depositphotos.com

Ғалымдар Күннің арғы бетінде белсенділіктің ірі толқынын тіркеді. Коронографтар Күн тәжінің үйреншікті құрылымын бұзған қуатты энергия шығарындыларын түсіріп алды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі ҒЗИ КЖФИ Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.


Ғалымдар Күннің арғы бетінде белсенділіктің ірі толқынын тіркеді. Коронографтар Күн тәжінің үйреншікті құрылымын бұзған қуатты энергия шығарындыларын түсіріп алды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі ҒЗИ КЖФИ Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

Ғалымдар не көрді?

Мамандардың мәліметінше, белсенділік өткен демалыс күндері байқалған. Күн бетіндегі жаңа дақтар тобы жарқыл көзіне айналды, олар әзірге Күннің Жерге қараған жағына шыққан жоқ.

"Оқиға ошақтары негізінен арғы бетте орналасқан: бұл әлі Жерге қарай бағытталмаған, каталогтарда нөмірі жоқ жаңа дақтар тобы, сондай-ақ жақында ғана сол жаққа өткен және белсенділігі күтпеген жерден қайта оянған 4436-топ", - деп атап өтті ғалымдар.

Кадрлардан Күннің үйреншікті тәжі бірнеше рет энергияның күрт толқынымен үзілгенін көруге болады.

Жерге қауіп төніп тұр ма?

Мамандардың айтуынша, қазір Жер үшін тікелей қауіп жоқ. Негізгі белсенділік жұлдыздың арғы бетінде болып жатыр, сондықтан шығарындылар планетамыздан қиыс өтеді.

Бұл ретте ғалымдар Күннің екі-үш аптаға созылған салыстырмалы тыныштық кезеңінен біртіндеп шығып жатқанын атап өтті.

"Күннің арғы бетіндегі ірі дақтардың бір бөлігі қазіргі уақытта Жерге қараған жаққа шықты, бірақ әзірге белсенділік байқалмайды. Олар пайда болар алдындағы соңғы күндері Solar Orbiter ғарыш аппараты арғы бетте ыдырау процестерінің жылдам жүріп жатқанын тіркеген болатын, сондықтан Жер бетіне қуаты таусылған "қалдықтар" шығуы мүмкін. Физикалық тұрғыдан мұндай қорытынды жасау әлі ерте, дегенмен қазіргі сәтте тікелей қауіп байқалмайды", - деп мәлімдеді зертханадағылар.

Қазір Күн белсенділігінің деңгейі төмен деп бағаланып отыр. Шын мәнінде қуатты жарқылдың болу ықтималдығын ғалымдар шамамен 5–10 пайызға бағалайды.

Бұл ретте мамандар жағдайды жіті бақылауды жалғастырады, себебі соңғы аптада Күннің арғы бетінде кейінгі жылдардағы ең ірі белсенді аймақтардың бірі қалыптасты.

Әрі қарай не болады?

Енді ғалымдар белсенді аймақтардың Күннің Жерге қараған жағына шыққаннан кейінгі әрекетін бақылап отыр.

Сондай-ақ мамандар Күн энергиясының қай бөлігі планетамызға әсер етуі мүмкін, ал қайсысы Күн жүйесінің басқа аймақтарына кететінін бағалайды.

Tengrinews