GTA VI қанша тұрады? 25 маусымда алдын ала тапсырыс беру басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

GTA VI қанша тұрады? 25 маусымда алдын ала тапсырыс беру басталады Бейнеден кадр

25 маусымда түн ортасында көптен күткен Grand Theft Auto VI ойынына алдын ала тапсырыс беру басталады. Rockstar Games студиясы ойынның нақты құнын жариялап, PlayStation 5 және Xbox Series X|S консольдерінде әлемдік релиз күні 2026 жылдың 19 қарашасы болатынын растады, - деп хабарлайды Tengri Life.


25 маусымда түн ортасында көптен күткен Grand Theft Auto VI ойынына алдын ала тапсырыс беру басталады. Rockstar Games студиясы ойынның нақты құнын жариялап, PlayStation 5 және Xbox Series X|S консольдерінде әлемдік релиз күні 2026 жылдың 19 қарашасы болатынын растады, - деп хабарлайды Tengri Life.

Вайс-Ситиге оралу қанша тұрады?

Ойын екі цифрлық жиынтықта қолжетімді болады, олардың бағасын платформалардың ресми дүкендері растап үлгерді:

  • Standard Edition (Стандартты басылым). Құны 79,99 доллар (ағымдағы бағам бойынша шамамен 39 000 теңге). Бұл нұсқаға Люсия мен Джейсонның оқиғасын баяндайтын толық жеке ойынға арналған сюжет кіреді.
  • Ultimate Edition (Максималды басылым). Бағасы 99,99 доллар (шамамен 49 000 теңге). Бұл нұсқаға ойынның өзі ғана емес, сонымен қатар ойын ішіндегі қосымша контент пен кеңейтілген бонустар пакеті де кіреді.

Алдын ала тапсырыс үшін берілетін бонустар

Rockstar сатып алуды алдын ала рәсімдеуді ұйғарғандар үшін қомақты сыйақылар дайындаған.

Мәселен, ең қымбат басылымды сатып алушылар эксклюзивті көлікке, премиум қару-жараққа, кейіпкерлерді баптаудың бірегей элементтеріне (татуировка, шаш үлгілері, костюмдер), сондай-ақ басты кейіпкерлерге арналған қосымша сюжеттік белсенділіке ие болады.

Классикалық Вайс-Ситидің ностальгиялық стиліндегі Vintage Vice City Pack жиынтығын алдын ала тапсырыс берген немесе ойынды 2026 жылдың 20 қарашасына дейін сатып алғандардың барлығы алады. Жиынтыққа аты аңызға айналған '55 Vapid Stanier автокөлігі мен Оушен-Бич ауданындағы жеке гараж кіреді.

PlayStation Store немесе Microsoft Store ресми дүкендері арқылы алдын ала тапсырыс берген кезде ойыншыларға бірден 1 айлық тегін GTA+ жазылымы сыйға тартылады.

Алдын ала жүктеу және серия жанкүйерлеріне арналған тосынсый

Әзірлеушілер релиз күні ойыншылардың серверлерге шамадан тыс күш түсірмеуін алдын ала ойластырған. Файлдарды цифрлық алдын ала жүктеу 12 қарашада басталады.

GTA VI-дың дискілік басылымы геймерлерге тосынсый сыйлайды. Rockstar компаниясы қораптарда Blu-ray дискісі болмайтынын ресми түрде растады - сатып алушылар ішінен тек премиум бокс пен цифрлық жүктеуге арналған коды бар ваучерді табады. Мұндай қораптардың сатылымы да 12 қарашадан басталады, бұл физикалық көшірме иелеріне 19 қарашада серверлер іске қосылғанға дейін ойынды жүктеп алуға мүмкіндік береді.

GTA VI-ға алдын ала тапсырыс беру

Бұған дейін Rockstar компаниясы көптен күткен Grand Theft Auto VI ойынының соңғы мұқабасын таныстырып, ойынды сатып алуға болатын нақты күнді атаған болатын. Ресми алдын ала тапсырыстардың басталуы 2026 жылдың 25 маусымына белгіленген.