“Қыз-Жібек“ қамзолға қатысты дауға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қыз-Жібек“ қамзолға қатысты дауға пікір білдірді «Қыз Жібек» фильмінен кадрлар

"Қыз-Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева қазір продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың иелігіндегі камзолға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Life.


"Қыз-Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева қазір продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың иелігіндегі камзолға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Life.

Ол өз ойын журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында айтты.

"Мен оны (камзолды – ред. ескертпесі) іздеуге тырысқан жоқпын, өйткені бұған дейін киностудияда болғанымда сұрастырған едім. Бірақ, өкінішке қарай, қайта құру кезінде қалған костюмдердің көбі жоғалып кетті", - деді актриса.

Оның айтуынша, арада қаншама жыл өткенде ол бұл камзолды алғаш рет Алагөзова көрсеткен видеодан көрген.

"Көпшіліктің наразы болғанын түсінемін... Шын мәнінде, ол ешкімнің көңіліне қаяу түсіргісі келмеген де шығар... Бірақ Баян Алагөзова оны, әрине, сақтап қалады және ол міндетті түрде мұражайға қойылады. Қазір емес, бірақ түбі мұражайда болады. Өз мұражайында ма, әлде Ұлттық мұражайға өткізе ме – ол өз шешімі болады", - деді Өтекешева.

Сонымен қатар актриса камзолдың "шын мәнінде жақсы сақталғанын" айтты.

Еске сала кетейік, Алагөзова желідегі парақшасында кестелі камзолды киіп көріп, енді аңызға айналған "Қыз-Жібек" фильміндегі жәдігердің иесі екенін айтқан видеосын жаряилады. Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, оған Мәдениет және ақпарат министрлігі де пікір білдірді.

Кейінірек продюсер желідегі талқылауларға қатысты пікір білдіріп, камзолды не істейтінін айтқан.

"Қыз-Жібек" - 1970 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген қазақстандық кинематографияның ең танымал фильмдерінің бірі. Туынды аттас қазақ эпосына негізделген және руаралық қақтығыстар аясындағы Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббат хикаясын баяндайды.

Фильмнің визуалды стилі, соның ішінде костюмдері суретші Гүлфайрус Исмаилованың еңбегі және ол елдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып саналады.

Фильм ұлттық киноның негізгі туындыларының қатарына кіреді және Қазақстан тарихындағы ең маңызды картиналардың бірі.

Tengrinews