“Қыз Жібек“ қамзолы төңірегіндегі дау - Баян Алагөзова аңызға айналған актрисамен тілдесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қыз Жібек“ қамзолы төңірегіндегі дау - Баян Алагөзова аңызға айналған актрисамен тілдесті Бейнеден алынған кадрлар

Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған аңызға айналған актриса Меруерт Өтекешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі.


Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған аңызға айналған актриса Меруерт Өтекешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі.

Кездесу

Продюсер Instagram-дағы парақшасында бірнеше видео жариялады. Баян Алагөзова нағыз аңыз адаммен кездесуге бара жатқандықтан қатты қобалжып тұрғанын мойындады.

"Сізді алғаш рет көріп, танысып тұрғаныма өте қуаныштымын. Бақыттымын! Оралдың қыздары иілмейді, бірақ мен сізге иіліп сәлем беремін. Өйткені сіз - ұлы әйелсіз! Өте қарапайымсыз, сонымен қатар, сізбен жерлес болғанымды мақтан тұтамын", - деді ол.

Алагөзова актрисаның "Қыз Жібек" фильміндегі аңызға айналған рөлін де еске алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) жарияланымы

Бұдан бөлек, продюсер фильмдегі сол баяғы қамзолды актрисаның өзіне сыйлауды ұйғарды. Сондай-ақ, Алагөзова Меруерт Өтекешоваға гауһар тасты сырға, тон және пәтер сыйлады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) жарияланымы

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) жарияланымы

Instagram-да жарияланған продюсер мен аңыз актрисаның кездесуі туралы роликтер жалпы алғанда 8 миллионнан аса қаралым жинады.

Мән-жайы

Сәуірдің ортасында Баян Алагөзова әлеуметтік желіде гардеробындағы ерекше жаңалықты бөлісіп, даулы видео жариялаған болатын. Ол кестелі қамзолды киіп көріп, енді "Қыз Жібек" аңыз фильміндегі жәдігердің иесі екенін айтқан еді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) жарияланымы

Видеода Алагөзова сезімін жасырмай, бұл жәдігер ол үшін ең құнды затқа айналғанын жеткізді. Сол кезде ол осы туынды мен ұлы актрисаға арналған жеке жоба дайындауды жоспарлап отырғанын да хабарлаған.

Тарихи костюмнің жеке қолға өткені туралы жаңалыққа Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдірді. Ведомство "Қазақфильмнің" ресми қорында "Қыз Жібектің" бір түпнұсқа қамзолы сақтаулы тұрғанын түсіндірді. Министрлік мәдени құндылықтарды қорғау ерекше бақылауда екенін атап өтіп, тексеру барысы туралы жұртты хабардар етуге уәде берді.

Кейінірек продюсер Алагөзова желідегі талқылауларға қатысты пікір білдіріп, өзіне берілген қамзолдың көбіне "қадалғанын" атап өтті. Сонымен қатар, ол бұл заттың неліктен дәл өзіне бұйырғанын айтып берді.

Мамырдың басында актриса Меруерт Өтекешова сол кезде продюсердің қолында болған қамзолға қатысты жағдай туралы ойын айтты. Оның айтуынша, арада қаншама жыл өткеннен кейін ол бұл бірегей жәдігерді алғаш рет Алагөзова көрсеткен видеодан көрген.

Фильм

"Қыз Жібек" - 1970 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген қазақстандық кинематографияның ең танымал туындыларының бірі.

Туынды аттас эпосқа негізделген және Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббат хикаясын баяндайды. Басты рөлді Меруерт Өтекешова сомдады. Айта кетейік, актриса ақпанда 75 жасқа толды.

Tengrinews