Нұрлан Сабуров туған қаласына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Сабуров туған қаласына келді Фото: instagram.com/erzat_sergazin

Стендап-комик Нұрлан Сабуров туған қаласы Степногорскке келді. Ол еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирге қатысқан, - деп хабарлайды Tengri Life.

Бұл туралы Instagram парақшасында журналист Ерзат Серғазин жазып, комикпен түскен суретін жариялады.

Жас боксшылар арасындағы турнир Степногорск қаласында 20-25 сәуір аралығында өтіп жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерзаттың жарияланымы (@erzat_sergazin)

"Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокс турниріне Степногорск тумасы, белгілі стендап-комик Нұрлан Сабуров келді", - деп жазды Серғазин.

Нұрлан Сабуров - стендап жанрында танымал болған қазақстандық комик. Ол бала кезінен бокспен айналысады.

Жақында танымал қазақстандық комикке Ресейге кіруге 50 жыл мерзімге тыйым салынды.

Tengrinews