Telegram уқымды өзгерістерді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram уқымды өзгерістерді ұсынды Фото:depositphotos.com/ FreerLaw

Telegram ондаған жаңа функциясы қосылған ауқымды жаңартуды ұсынды. Басты жаңалық - барлық смарт-сағаттарды қолдау мүмкіндігі, сондай-ақ боттар, топтар мен ішкі браузерге арналған кеңейтілген мүмкіндіктер, - деп хабарлайды Tengri Life.


Telegram ондаған жаңа функциясы қосылған ауқымды жаңартуды ұсынды. Басты жаңалық - барлық смарт-сағаттарды қолдау мүмкіндігі, сондай-ақ боттар, топтар мен ішкі браузерге арналған кеңейтілген мүмкіндіктер, - деп хабарлайды Tengri Life.

Смарт-сағаттар

Компания блогындағы мәлімет бойынша, Telegram-ның Apple Watch пен Wear OS базасындағы сағаттарға арналған толыққанды қосымшасы пайда болды.

Енді тікелей білектегі құрылғы арқылы кез келген көлемдегі хаттарды оқуға, фото мен видеоларды көруге, дауыстық хабарламаларды тыңдауға, геометкаларды ашуға, сондай-ақ мәтін, дауыс немесе стикерлермен жауап беруге болады.

Сонымен қатар, әртүрлі платформалар үшін бірегей мүмкіндіктер де қарастырылған. Android сағаттарында енді чаттарды бекітуге және хабарламаларды өшіруге болады, ал Apple Watch-та локацияларды толық көру және стикерлер жіберу мүмкіндігі бар.

Боттар не үйренді?

Әзірлеушілердің айтуынша, боттар әлдеқайда "ақылды" бола түсті. Енді олар хабарламаларды толыққанды мақала ретінде рәсімдей алады:

  • кестелер, іштей келтірілген дәйексөздер, чек-листер, суреттер мен тақырыптар қосу;
  • жиналатын бөлімдерді, сілтемелерді және тіпті математикалық формулаларды қосу.

Осының бәрі сыюы үшін боттарға арналған хабарламалардың максималды ұзындығы 32 768 таңбаға дейін ұлғайтылды.

Бұдан бөлек, топтарда енді ЖИ-боттарды әкімші етіп тағайындауға болады. Олар пайдаланушыларды чатқа кірер алдында автоматты түрде тексере алады (мысалы, шағын қолданбалар арқылы сұрақтар қою) және тіпті хабарламаларға модерация жасай алады.

Тағы не қосылды?

Компания қосымшаның жұмысындағы тағы бірнеше ірі өзгерістер туралы айтып берді:

  • сауалнамаларда сілтемелерді тікелей жауап нұсқаларына ендіру мүмкіндігі пайда болды;
  • Telegram-ның ішкі браузері енді .md форматындағы файлдарды еш қиындықсыз ашады және Markdown белгілерін дұрыс көрсетеді, сондықтан бөгде қолданбалардың қажеті болмайды.
  • сілтемелерді қай жерде, ішкі браузерде, әлде Safari немесе Chrome сияқты сыртқы браузерлерде ашуды өз бетінше таңдауға болады. Қаласаңыз, әрқашан мессенджер ішінде немесе, керісінше, тек сыртқы браузерде ашылатын сайттардың тізімін оңай реттеуге болады.
  • қосымшаның Android нұсқасында тақырыптар панелі жаңартылды, соның арқасында экранға енді әлдеқайда көп чаттар сыяды.

Тағы оқыңыз: WhatsApp-тың iPhone-ға арналған нұсқасында көптен күткен функция пайда болды

Tengrinews