Алматыда 2026 жылдың басынан бері нәрестелерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Life.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, 2026 жылы мегаполисте 8 900 нәресте тіркелген, оның 4 653-і - ұл, 4 247-сі - қыз.
Қандай есімдер жиі қойылған?
Жаңа туған қыз балаларға ең көп қойылған есімдер тізіміне Айлин, Асылым және Томирис кірсе, ұлдар арасында Мұхаммед, Алан және Әлихан көп таңдалған.
Сондай-ақ мына есімдерге де сұраныс жоғары:
ұлдарға:
- Әли;
- Әлем;
- Рамазан;
- Әмір;
- Айсұлтан;
- Хамза.
қыздарға:
- Медина;
- Сафия;
- Айым;
- Әдия;
- Аяла.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ата-аналар қазақы дәстүр мен заманауи трендтерді ұштастыруға тырысады.
"Бүгінде ата-аналар есім таңдау кезінде ұлттық дәстүр мен заманауи үрдістерді біріктіруге тырысады. Қазір мағынасы терең, айтылуы оңай әрі естуге жағымды есімдер жиі таңдалады. Бұл ұлттық бірегейлік пен заманауи трендтердің үндесуін көрсетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.