Александр Винокуров қылмыстық сот алдында жауап береді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Винокуров қылмыстық сот алдында жауап береді - БАҚ © alexander-vinokourov.com

Қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев белгиялық Льеж қаласының қылмыстық сотында жауап береді, - деп хабарлайды Sudinfo.be

Сот отырысы 13 наурызда өтеді. Спортшыларға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылды. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарды. 

Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді, - делінген мақалада.  

Ресейлік Александр Колобнев 2017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялады. 

Александр Винокуров 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети