Алматыда Tour of Almaty веложарысы өтіп жатыр, сол себепті қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Tour of Almaty веложарысы өтіп жатыр, сол себепті қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 тамызда жарыстың екінші кезеңі өтіп жатыр. 11.00-де веложарыс Талғар тракті жағынан "Халық аренада" басталды. Бұл ауданда қозғалыс уақытша шектелді. Одан әрі Халиуллин көшесіндегі жол айрықтан әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесіндегі айналма жолға дейін Шығыс айналма автомобиль жолы жабылды.
Сондай-ақ, Тұңғыш Президент атындағы саябақтан биік таулы "Медеу" мұз айдынына дейін қозғалыс шектелген. Уақытша шектеулер 15.30 дейін қолданылады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына Құлжа тасжолы, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Жароков көшесімен айналып өтуге кеңес беріледі.
Tour of Almaty - Орта Азиядағы ең ірі халықаралық кәсіби шоссе веложарысы. Екі жыл бұрын жарыс алғаш рет көпкүндік мәртебеге ие болды. Жарыстың тікелей көрсетілімін жыл сайын Eurosport телеарнасы арқылы әлемнің 47 елінде қарайды.