Қазақстанда тұңғыш рет бүкіл әлемге танымал кәсіпқой велокомандалардың қатысуымен спринтерлік жарыс өтеді. Бұл шара 4 қазан күні Алматыдағы Республика алаңында сағат 13.00-да басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда тұңғыш рет бүкіл әлемге танымал кәсіпқой велокомандалардың қатысуымен спринтерлік жарыс өтеді. Бұл шара 4 қазан күні Алматыдағы Республика алаңында сағат 13.00-да басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарыстың басты қонағы "Тур де Франс-2014" турнирінің жеңімпазы Винченцо Нибали болмақ. 500 метрге жылдамдықпен жарысу бәйгесінде сегіз команданың кәсіпқой спортшылары қатысады. Жарысқа қатысуға мына командалар ниет білдіріп отыр: Аstana Pro Team (Қазақстан), Team Katusha (Ресей), Team La Pomme Marseille 13 (Франция), Bardiani (Италия), Rusvelo (Ресей), Team Novo Nordisk (США), Vino 4-Ever (Қазақстан) және Kazakhstan National Team (Қазақстан).
Сондай-ақ бұл веложарысқа әуесқой велошабандоздар да қатыса алады, шара барысында әуесқойлар командасы іріктеуден өтіп жатса, бір айналымда бақтарын сынайды. Спортшыларға алғы сөзді Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҚР велоспорт федерациясының директоры Дмитрий Муравьев және Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров айтады. Astana Motors спринт-рейсі барысында велоспорт жанкүйерлері әлемге әйгілі спортшылармен суретке түсіп, олардан қолдаңба алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Винченцо Нибалидің "Тур де Франс" додасын жеңіп алған велосипедімен танысады.
Халықаралық бір күндік тас жол бәйгесінің алдында ұйымдастырылып отырған бұл шараның бас демеушісі - World Class Almaty фитнес-клубы. Бұл клубқа қала әкімшілігі мен "Астана Моторс" ҚМК қолдау білдірген.