"Астана" капитаны "Вуэльта" жарысында топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" капитаны "Вуэльта" жарысында топ жарды © REUTERS

"Астана" капитаны, Италия велоспортшысы Фабио Ару "Вуэльта" көпкүндігінде топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" капитаны, Италия велоспортшысы Фабио Ару "Вуэльта" көпкүндігінде топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Гранд-турдың соңғы шешуші кезеңі 13 қыркүйекте өтті. Пелотон 100 шақырым жүріп өтіп, Мадридке дейін барды. 

Айта кетейік, бұл Арудың Гранд-турлардың жалпы есебіндегі бірінші жеңісі. Бұл жарыста итальян спортшысы бес кезеңде де көшбасшының қызыл жейдесімен жүрді, алайда 16-шы турда одан айырылып қалды. "Астана" капитаны "достық кезеңінде" қайта басым болып, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды "Вуэльта-2015" бас классификациясында ресейлік "Катюша" командасының испан спортшысы Хоаким Родригес алды. Үштікті Tinkoff-Saxo командасының поляк велоспортшысы Рафал Майка қорытындылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети