03 ақпан 2017 10:15

"Астана" велошабандозы "Дубай Турында" көшбасшыны неге ұрғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марсель Киттель. © eurosport.au Марсель Киттель. © eurosport.au

"Астана" велошабандозы Андрей Гривко "Дубай-2017 Турының" үшінші кезеңінде болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" велошабандозы Андрей Гривко "Дубай-2017 Турының" үшінші кезеңінде болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Гривко жарыс кезінде Киттельдің бетінен ұрған. Осыған қарамастан неміс спортшысы көш басында келген. Қазақстандық клубтың өкілі жарысты уақытынан бұрын аяқтаған. Енді Киттель "Астана" шабандозынан жарты жылға спорттан кетуін талап етіп отыр.  

"Мен Марсель Киттельмен болған оқиғаға байланысты осындай қадамға не үшін барғанымды түсіндіре кеткім келеді, - деп жазды Гривко Facebook желісіндегі парақшасында. - Мен 12 жыл бойы кәсіпқой велоспорттамын және де мен спринтерлердің мәреге үш шақырым қалғанда позиция үшін дөрекі түрде таласқа түсетінін білемін. Алайда ол мұндай қадамға мәреге 100 шақырым қалғанда ғана барды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ол бұған өте дөрекі түрде барды - бұл шын мәнінде велошабандоз үшін өте қауіпті". 

Сондай-ақ, Марсель Киттель Гривко мен оның командаласы Дмитрий Груздевтің иығынан итергенін мойындаған. 

"Мен оның әрекетіне жауап бердім. Мүмкін мен эмоцияға берілген шығармын, бірақ велоспортта мұндайға орын жоқ. Алайда экстрималды сәттерде қауіпсіздік мәселесіне келгенде жәйбарақат қалу өте қиын. Мен атақты спортшымын немесе "көңіл-күйім болмай тұр" сондықтан орынды босат деуге оның құқы жоқ. Мен оған жайдан-жай тиіскенім жоқ, себебі болды. Оның салмағы 86 келі, ал менікі небәрі - 70 келі, оны құлатып жарыстан шығарып жіберу ойымда болған жоқ. Жарыс біткен соң Киттель бірнеше рет мен жаққа қарап түкірді. Онысы енді ұят. Соған қарамастан, мен жарыс ұйымдастырушыларының алдында, барлық жанкүйер алдында және өзімнің командамның алдында кешірім сұраймын", - деді велошабандоз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети