Велоспорттан Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қатысушылар жаппай құлады. Скрэтч кезеңінің финалдық айналымында италиялық велоспортшы қателікке бой алдырып, соңы спортшылардың жаппай құлауымен аяқталды, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

Скрэтчтің финалдық кезеңіне 20 велоспортшы шыққан болатын. Қатысушылардың орта жолдағы қателігінен кейін барлығына медициналық көмек көрсетілді. Құлағандардың арасында Малайзия елінен келген спортшы ауыр жарақат алған. Әзірше жарақатының салдары айтылған жоқ. Өзге велоспортшылардың аяқ-қолдары жырылған.
Скрэтч кезеңі соңына дейін жалғасып, австралиялық Дерек Радзикевич чемпион атанды. Күміс чех елінен келген спортшы Иржи Яношекке бұйырса, қоланы неміс Моритц Мейсснер қанағат тұтты.