01 маусым 2014 16:08

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Тілеубаев. Фото Аstanafans.com сайтынан алынды Руслан Тілеубаев. Фото Аstanafans.com сайтынан алынды

1 маусымда велоспорт сайысы бойынша Қарағанды (шоссе) мен Астанада (трек) Азия чемпионатының элиталық топтық  жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


1 маусымда велоспорт сайысы бойынша Қарағанды (шоссе) мен Астанада (трек) Азия чемпионатының элиталық топтық  жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

204,1 шақырымдық қашықтықта қазақстандық шабандоз Руслан Тілеубаев алдына жан салмастан барлық қарсыластарын артта қалдырды. Ал Максим Иглинский мәре сызығын екінші болып кессе, Дмитрий Груздев үшінші орыннан көрінді. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Біздің жігіттер жалпы саны 22 жүлдені иемденді. Атап айтар болсақ 11 алтын, жеті күміс және төрт қола медальға қол жеткізіп жеңімпаз атанды. Ал екінші орындағы қытай спортшылары  - 17 медальді еншілесе (10, 5, 2), үшінші орындағы корейліктер -  32 (9, 12, 11) медальға иелік етті.   

Еске саламыз, қазақстандық велошабандоздар сайыстың барлық түрінде жеңіс тұрғынан көрініп, жастар арасындағы сайыста да үздік шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети