Қазақстанда велотрекшілер көбейіп келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда велотрекшілер көбейіп келеді Фото ҚР велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен

Астанада велотректен барлық жас шамасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан ел біріншілігінде қатысушылар санының жылдағымен салыстырғанда едәуір артқандығы байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада велотректен барлық жас шамасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан ел біріншілігінде қатысушылар санының жылдағымен салыстырғанда едәуір артқандығы байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Велотректен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Жетес Сүлейменовтің сөздеріне сүйенер болсақ, жыл өткен сайын еліміздегі велотрекшілер саны артып келе жатқан көрінеді. Мысалы, былтыр ел біріншілігіне 130 спортшы қатысса, биыл 13 облыстан 171 велошабандоз келіпті. Мемлекеттік жаттықтырушы велотрекшілердің деңгейлері де өсіп, ел біріншілігінің алғашқы күні бәсекелестіктің де аса жоғары болғанын қуана айтып отыр.

Енді ше?! Өйткені биылғы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша ХVІІ жазғы Азия ойындарында намысымызды қорғайтын ұлттық құрама жасақталады. Ал Кореяның Ичхон қаласында өтетін Азиадада велотрекшілер 20-25 қыркүйек күндері бәйгеге түседі. Әрі Қазақстан чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізген велошабандоздардың UCI (Халықаралық велоспортшылар одағы) рейтингіндегі қоржындарына тиісті ұпайлары қосылады.

Енді алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен назарларыңызға ұсынбақпыз:

Жекелей сын, ізге түсу жарысы. 4 шақырым (ерлер)
1. Артем Захаров (СҚО)
2. Диас Өмірзақов (ОҚО)
3. Никита Панасенко (Алматы обл)

Жекелей сын, ізге түсу жарысы. 3 шақырым (әйелдер)
1. Татьяна Генелева (Алматы обл)
2. Жанұя Сейітова (Алматы обл)
3. Галина Коробкова (Павлодар обл)

Жекелей сын, ізге түсу жарысы. 3 шақырым (жасөспірімдер)
1. Марат Иманжүсіпов (Астана)
2. Артем Мельников (ОҚО)
3. Евгений Котов (Алматы обл)

Жекелей сын, ізге түсу жарысы. 2 шақырым (қыздар)
1. Вероника Мырксина (Алматы обл)
2. Жанерке Санақбаева (Қарағанды обл)
3. Рината Ахметша (Павлодар обл)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети