"Тур де Франс" көпкүндігінің екінші кезеңдік бәйгесінде "Астана" велоклубының саңлағы, Италия велошабандозы Винченцо Нибали топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Тур де Франс" көпкүндігінің екінші кезеңдік бәйгесінде "Астана" велоклубының саңлағы, Италия велошабандозы Винченцо Нибали топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биыл 101-рет өтіп жатқан "Тур де Франс" көпкүндігінің екінші кезеңі 201 шақырымға созылған болатын. Осы қашықтықта велоспортшылар тоғыз санатты биік шоқыны басып өтті.
Көмбеге жақындағанда қамшыны басып, қарқынын үдеткен "Астана" велоклубының капитаны Винченцо Нибали мәре сызығын бірінші болып қиды.
Бұл кәсіпқой Қазақстан велоклубының Астана күніне жасаған таптырмас сыйы болды. Нибалидің осы кезеңдік бәйгеде жеңіске жетуіне команда сапындағы сегіз велоспортшы жағдай жасап, тактикалық тұрғыда сауатты өнер көрсетті.
Бесеуі көмбеге дейін Нибалидің қасында болып, дат велоспортшысы Якоб Фульсанг басты бәсекелестерінің назарын өзіне аударып, оларды жаңылдырды.
Ол көмбеге төрт шақырым қалғанда қайта-қайта шабуылдап, басты бәсекелестерін өзін аңдуға мәжбүрледі. Ал Нибали болса, көмбеге екі шақырым қалғанда, сытылып кетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның уақыты – 5:08:36.
Нибали екінші кезеңде жеңіске жетіп қана қойған жоқ, жалпы есепте де (екі кезеңдік бәйгенің қорытындысы бойынша да) бірінші орынға шығып көш бастады.
Сөйтіп, көшбасшылық сары жейдені "Астана" клубының капитаны киді. Словакия саңлағы Петер Саган одан екі секунд қана қалып қойып, екінші орында тұр.