"Тур де Франс" жеңімпазы Тиль Швайгерге қоқан-лоқы көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тур де Франс" жеңімпазы Тиль Швайгерге қоқан-лоқы көрсетті © VistaNews.ru

"Тур де Франс - 1997" жарысының жеңімпазы неміс велошабандозы Ян Ульрих өз отандасы актер Тиль Швайгерге қоқан-лоқы көрсеткені үшін Мальоркада қамауға алынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тур де Франс - 1997" жарысының жеңімпазы неміс велошабандозы Ян Ульрих өз отандасы актер Тиль Швайгерге қоқан-лоқы көрсеткені үшін Мальоркада қамауға алынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

БАҚ мәліметінше, Ульрих пен Швайгер Мальоркада көрші тұрады екен. Екеуі жақсы дос болған. Жұмада актер өз ауласында сауықтыру кешін ұйымдастырған. Осы кезде бұрынғы велошабандоз Швайгер мен оның қонақтарына қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқан. Соңында полиция Ульрихты қамауға алды. 

Осы оқиғадан кейін Швайгер "еңбек демалысым осылай өтеді деп кім ойлаған" деді. Сондай-ақ актер Ульрихке екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты үзгенін мәлімдеді. 

Ульрих бұрындары да заң алдында жауап берген. Ол осыған дейін көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотты болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети