Велошабандоз Пернебеков Шымкентке жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Велошабандоз Пернебеков Шымкентке жерленді Ерлан Пернебеков. Сурет: Спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебековты Шымкент қаласына жерледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның велоспорт федерациясына сілтеме жасап. Спортшы туған қаласына 24 наурыз күні жеткізіліп, сол күні оны жерлеу рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков Эквадорда "Астана" континенталды велокомандасы құрамында оқу-жаттығу жасап жатқан болатын. 14 наурызда кезекті жаттығудан кейін Ерлан Пернебеков басының ауырғанын айтқан соң, емханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, спортшы инсульт алған. Оны жасанды кома жағдайына енгізді. Бірақ та бірнеше күннен кейін спортшы қайтыс болды. Ерлан Пернебеков - Шымкент велоспорт мектебінің тәрбиеленушісі. 2013 жылы ол топтық сайыста Азия чемпионы атанған. 2014 жылы велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" континенталды велокомандасы құрамына кірген. Спортшыны елге жеткізуге СІМ мен Қазақстан велоспорт федерациясы көмектескен. Ал, жерлеу рәсіміне Ерланның командалас әріптестері мен команда бапкерлері және басшылары келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети