"Астана" велокомандасының шабандоздары спортшы мен велосипедтің ара-қатынасы жайлы лав-стори түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана" велокомандасының шабандоздары спортшы мен велосипедтің ара-қатынасы жайлы лав-стори түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Роликке команда мүшесі Дарио Катальда да түскен. Видеоның сюжеті бойынша велосипедші дүкеннен велосипедті көріп, бірден ғашық болып қалады. Олар уақытын бірге өткізеді: кафеге барып, сөйлеседі, теңіз жағалауында серуендейді, суретке түседі. Алайда бір күні спортшы велосипедін басқа бір велосипедшімен көріп қалады. Ол жабырқап, көңілсіз болып қала кезіп, бақытты күндерін еске алады.
Лав-сторидың соңы хэппи эндпен аяқталады - шабандоз темір жолдасын кешіріп, жарыстарған қатысуды жалғастырады.