18 наурыз 2014 10:01

Велоспорт федерациясы Пернебековті елімізге жеткізу үшін жұмсалатын шығынды көтереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Пернебеков. Сурет. Велоспорт федерациясынан алындыы Ерлан Пернебеков. Сурет. Велоспорт федерациясынан алындыы

Қазақстан велоспорт федерациясы Эквадорда қайтыс болған велошабандоз Ерлан Пернебековті елімізге жеткізу үшін жұмсалатын барлық шығынды көтеретін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 18 жастағы "Astana Continental Team" командасының спортшысы Эквадордағы емханалардың бірінде инсульттан кейін көз жұмды. Ол командамен бірге оқу-жаттығу жиындарында болып, 14 наурыз күні емханаға жеткізілген. "Болашағынан зор үміт күттіретін талантты спортшылардың бірі өмірден өтті. Біз бұл спортшының Қазақстан құрамасының белді мүшесі болып, елімізді әлемге танытады деп шынайы сенгенбіз", - дейді федерациясының техникалық директоры Александр Антышев. "ҚР велоспорт федерациясы Ерлан Пернебековтің елімізге жеткізу үшін жұмсалатын барлық шығындарын көтереді. Сонымен қатар спортшының отбасына материалдық көмек ұсынатын болады", - дейді ол. Шымкент қаласының тумасы Ерлан Пернебеков - 2013 жылы Нью-Дели қаласындағы командалық жарыста Азия чемпионы, 2013 жылы Талдықорғанда өткен ІІІ Қазақстанның жастар ойынының чемпионы, 2013 жылы Тосканда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан, 2014 жылы Қазақстан құрамасы мен "Astana Continental Team" құрлықтық командасының негізгі құрамына енген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети