20 маусым 2014 | 17:32

Велоспорт жұлдыздары Алматыда шеберлік сабағын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото prosportkz.kz сайтынан Фото prosportkz.kz сайтынан

Бүгін Алматыда "Астана" велоклубының жұлдыздары жас велошабандоздарға арнап шеберлігін сабағын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматыда "Астана" велоклубының жұлдыздары жас велошабандоздарға арнап шеберлігін сабағын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олимпиада чемпионы Владимир Винокуров, "Джиро д’Италия-2014" көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару, суперкөпкүндіктердің кезеңдік жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Паоло Тиралонго, өзіміздің көпшілікке танымал велоспортшыларымыз Асан Базаев пен Андрей Зейц отандық жас велоспортшылармен бірге тау жоталарымен жүріп өтті.

"Медеуге" дейін 10 шақырым жоғары көтеріліп, 100-ден астам жас өрен кәсіби велоспортшылардың ақыл-кеңестерін тыңдап, іс жүзінде тәжірибе жинақтады.

Бұл шара "Райымбек" компаниясының балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсетуге арнаған "Junior" бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылып, оған ҚР велоспорт федерациясы, Алматы қаласы әкімдігі және А.Винокуров қоры қолдау көрсетті.

Шеберлік сабағына Алматы және Талғар қалаларындағы спорт мектептерінің жас велошабандоздары қатысып, велоспорт жұлдыздарымен үзеңгі қағыстыра, тау жоталарымен жоғары өрледі.

"Медеуге" жеткен соң жас велоспортшылар әйгілі жұлдыздармен суретке түсіп, лауазымды тұлғалар сөз сөйледі. Олар мұндай жас жеткіншктерге арналған маңызды шаралардың берері мол екендігін тілге тик етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети