24.KZ телеарнасы KazEOSat -1 жерсерігінің ұшырылу сәтін тікелей көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.KZ телеарнасы KazEOSat -1 жерсерігінің ұшырылу сәтін тікелей көрсетеді 24.KZ теларнасының логотипі

Қазақстанның тәулік бойы ақпарат тарататын 24.KZ телеарнасы Францияның Гвиана аймағындағы "Куру" ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылайтын "KazEOSat-1" қазақстандық бірінші жерсерігінің ұшырылу сәтін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тәулік бойы ақпарат тарататын 24.KZ телеарнасы Францияның Гвиана аймағындағы "Куру" ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылайтын "KazEOSat-1" қазақстандық бірінші жерсерігінің ұшырылу сәтін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трансляция 29 сәуір күні Астана уақытымен 6:30-да басталады. Ал жерсеріктің ұшырылуы 7:35-ке белгіленген. Кеңейтілген ақпараттық бағдарламаға Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен, Қазғарыш басшылары мен мамандары, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ жұмысшылары, Астанадағы франциялық Airbus Defence and Space компаниясы филиалының жұмысшылары қатысады.

Трансляция алдында осы шараға қатысушылар ҚР жерін қашықтан бақылаудың ғарыштық жүйесін құру барысындағы Қазақстан-Франция жобасының жүзеге асырылуы жайында айтып береді.

"KazEOSat -1" жер серігімен еуропалық "Вега" зымыраны ұшырылардан бірер минут бұрын тікелей эфирдегі ғарыштық конференцияға қатысушылар "Куру" ғарыш айлағындағы ҚР ҰҒА-ның төрағасы Талғат Мұсабаевтың, Airbus Defence and Space компаниясының ғарыштық жүйелер жөніндегі атқарушы вице-президенті Франсуа Оканың және жерсерікті ұшыруға қатысатын басқа да тұлғалардың игі тілектерін тыңдайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети