Қазақстанның тәулік бойы ақпарат тарататын 24.KZ телеарнасы Францияның Гвиана аймағындағы "Куру" ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылайтын "KazEOSat-1" қазақстандық бірінші жерсерігінің ұшырылу сәтін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трансляция 29 сәуір күні Астана уақытымен 6:30-да басталады. Ал жерсеріктің ұшырылуы 7:35-ке белгіленген. Кеңейтілген ақпараттық бағдарламаға Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен, Қазғарыш басшылары мен мамандары, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ жұмысшылары, Астанадағы франциялық Airbus Defence and Space компаниясы филиалының жұмысшылары қатысады.
Трансляция алдында осы шараға қатысушылар ҚР жерін қашықтан бақылаудың ғарыштық жүйесін құру барысындағы Қазақстан-Франция жобасының жүзеге асырылуы жайында айтып береді.
"KazEOSat -1" жер серігімен еуропалық "Вега" зымыраны ұшырылардан бірер минут бұрын тікелей эфирдегі ғарыштық конференцияға қатысушылар "Куру" ғарыш айлағындағы ҚР ҰҒА-ның төрағасы Талғат Мұсабаевтың, Airbus Defence and Space компаниясының ғарыштық жүйелер жөніндегі атқарушы вице-президенті Франсуа Оканың және жерсерікті ұшыруға қатысатын басқа да тұлғалардың игі тілектерін тыңдайды.